Бұған дейін неке саны жылдан жылға азайып, ажырасушылар саны ғана көбейген еді. Ажырасу көрсеткіші биыл да артып отыр, 45,2 мың жұп ажырасқан, бұл былтырғыдан 9,2% көп.
Қалаларда неке саны 73,2 мыңға немесе 3,1% артты, ауылдарда 30,8 мыңға немесе 0,5% азайған. Қалаларда ажырасу саны 33,1 мыңға немесе 6,7%, ауылдарда 12,1 мыңға немесе 17% көбейді.
Республика бойынша некелесушілердің арасында қала тұрғындарының кейінгі бір жыл ішіндегі үлесі 69,6%-тен 70,4%-ке өссе, ауыл тұрғындарының үлесі 29,6%-ке дейін азайды. Қалалардағы ажырасу саны республика бойынша көрсеткіштің 73,3%-іне, ауылдардағы ажырасу саны республика бойынша көрсеткіштің 25%-інен 26,7%-іне жетті.
Қазақстан бойынша 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде неке саны Алматыда (13 мың), Түркістан облысында (10,5 мың) және Алматы облысында (10,4 мың) көп тіркелген. Былтырғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда неке саны 17 өңірдің 10-ында артқан. Некелесушілердің бір жыл ішінде күрт көбеюі жағынан Шымкент алда тұр: 5,9 мың неке, 2018 жылдың 9 айына қарағанда 19,6% көп.
Ажырасу көрсеткіші республика бойынша Алматыда (5,5 мың), Алматы облысында (5,1 мың) және Қарағанды облысында (4,1 мың) көп тіркелген. Бұл көрсеткіш 17 өңірдің екеуінде ғана азайған. Некені бұзғандар бір жыл ішінде Қызылорда облысында (24,7% көп, 1,6 мың), Жамбыл облысында (22,5% көп) және Алматы облысында (19,2% көп) көбейген.
Бір жылда мың адамға шаққандағы некелесу коэффициенті өзгерген жоқ — 7,5, ал ажырасу коэффициенті 3-тен 3,3-ке көбейді. Ең жоғары коэффициент Нұр-Сұлтанда (10,3) және Алматыда (9,3), ажырасудың ең жоғары коэффициенті Нұр-Сұлтанда (4,2) және Павлодар облысында (4,2).
Ажырасу саны мың некеге шаққанда 8 жыл қатарынан артып отыр. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бұл көрсеткіш 435 болды, бір жыл бұрын мың некеге шаққанда ажырасу саны 406-дан келген. Қалаларда ажырасудың мың некеге шаққандағы көрсеткіші 7 жыл қатарынан артып, кейінгі бір жыл ішінде 438-ден 435-ке жеткен. Ауылдарда бұл көрсеткіш 8 жыл қатарынан өсіп, 334-тен 392-ге жетіп отыр.