Басты бетЖаңалықтарСәрсенбіде еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады

Сәрсенбіде еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады

13 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, батыста, солтүстік-батыста қар аралас жаңбыр, солтүстік пен шығыста қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста антициклон жотасының әсерінен жауын-шашын болмайды.

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Ақмола облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, Қостанай облысында тұман түседі. Алматы, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Түркістан облысында жел күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.