Басты бетЖаңалықтарАлдағы күндері...

Алдағы күндері ауа температурасы 0 градустан төмен болады

Синоптиктердің болжамы бойынша елімізде қар аралас жаңбыр жауып, күн суиды.

Атмосфераның суық фронттарын ілестірген белсенді циклон бұған дейін республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашынға, екпінді жел мен бұрқасынға себеп болған еді. Енді Қазақстанның оңтүстігінде де күн суып, жаңбыр мен жылбысқы қар жауа бастады.

Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуына байланысты республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын — жаңбыр, қар жауады. Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0 градустан төмен, солтүстікте түнде 2-10 градус аяз, оңтүстікте 0-8 градус жылы болады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3-6 градусқа төмен, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.