Басты бетЖаңалықтарДемалыс күндеріндегі...

Демалыс күндеріндегі ауа райы: жауын-шашын мен күшті жел

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 2-4 қараша күндері елімізде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын түсетінін хабарлады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда белсенді және терең циклон Батыс Сібірге, ал онымен байланысты Арктика фронттары Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына ығысты.

Батыс өңірлерде күн суып, нормадан тыс жылыдан кейін ауа температурасы климат нормасынан 1-3 градус төмендеді. Алдағы демалыс күндері атмосфераның суық фронттары шығыс бағытта жылжып, республиканың көп облысында жауын-шашынға, тұманға, көктайғақ пен екпінді желге себеп болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бұл күндері фронттардың артынан ығысатын суық антициклон ауа температурасын 3-12 градус жылыға дейін, оңтүстікте 0-5 аязға дейін төмендетеді.