«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19-21 қазан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Өткен бірнеше тәулікте циклондар Батыс Сібір арқылы өткенімен, олармен байланысты атмосфера фронттары Қазақстандағы ауа райына әсерін етеді.

Осыған байланысты алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, — деп хабарлады мамандар.

Солтүстік теңізі аймағынан келетін суық ауа массаларының әсерінен күн суытып, орташа көпжылдық мәннен 3-5 градус төмен болады.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Anisa Meilasyari)