Республикалық қан орталығының мамандары донордың қан тобын, резус факторы мен гемоглобин деңгейін анықтап берді. Донорлардың қан құрамында В, С гепатитінің, мерез ауруы мен ЖҚТБ-ның (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) бар-жоғын анықтады.
Донор болатын адам 72 сағат ішінде дәрі-дәрмек препараттарын пайдаланбауы тиіс және 48 сағат ішінде ішімдік ішуіне болмайды. Майлы, қуырылған, ащы тамақтар мен сүт өнімдерін де пайдалануға болмайды.