Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жедел қызметті» модернизациялау жобасы медициналық көмек көрсетуге халықаралық стандартты енгізуді көздейді.
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, қала әкімі медициналық қызмет сапасына ерекше мән береді.
Сапалы медициналық қызмет — Алматыны дамытудағы негізгі басымдықтың бірі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаладағы барлық медицина мекмесіне аудит жүргіздік. Нәтижесінде қала ауруханалары мен емханаларының 60%-і жоғары технологиялы медицина жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін анықтадық, — деді Ержан Бабақұмаров.
Оның айтуынша, 2022 жылдың соңына дейін қаладағы медицина мекемелерінің 90%-тінде жоғары технологиялы медицина жабдықтары болады.