Тест: Тегін медициналық көмек жайлы қаншалықты білесіз?

Денсаулық - әр адам үшін маңызды тақырып. Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек жаңа тәртіп бойынша берілетінін білесіз бе? Ендеше, тест тапсырып, біліміңізді сынап көріңіз!

0%

2020 жылдан бастап Қазақстанда медициналық көмек қандай пакет бойынша беріледі?

Дұрыс! Қате!

Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі түрлі пакет бойынша беріле бастайды. Біріншісі - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі. Екіншісі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен басты айырмашылығы не?

Дұрыс! Қате!

Бұл пакетке бағасы қымбат операциялар, сирек медициналық қызмет түрлері, салалық мамандардың қабылдауы сияқты тағы басқа қызметтер кіреді. Оны сақтандырылғандар пайдалана алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне табысы орташа азаматтардың қалтасы көтере бермейтін: МРТ, компьютерлік томография, ПЦР-анализ сияқты қызметтер де енген. Сонымен қатар тегін көмек тізіміне кірмейтін сырқаттарға шалдыққан жағдайда стационарды алмастыратын көмек пен жоспарлы стационарлық көмек те МӘМС пакеті шеңберінде беріледі.

Шұғыл медициналық көмек, жедел жәрдем мен санитария авиациясы қызметін қай пакет аясында тегін пайдалануға болады?

Дұрыс! Қате!

Бұл қызмет түрлері Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакеті аясында беріледі. Сонымен қатар бірқатар созылмалы ауруды динамикалық бақылау, шұғыл жағдайда стационарда емдеу де осы пакет негізінде жүзеге асады. Мұны барлық азамат сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан пайдалана алады. Қызмет бюджет есебінен тегін көрсетіледі.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті қайдан алуға болады?

Дұрыс! Қате!

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек халықты тіркеумен айналысатын емханалар мен клиникалар тарапынан беріледі. Ол учаске терапевті, педиатр, жалпы практика дәрігері, фельдшер, тіркелген емханадағы медбике сынды мамандар қызметінен тұрады. Азаматтардың барлығы шұғыл медициналық көмек ала алады. Терапевке қаралып (созылмалы ауруы асқынғанда), диагностикалық көмек, соның ішінде лабораторлық диагностика қызметін пайдалана алады. Әр адам мамандардан салауатты өмір салты, репродуктивтік денсаулық мәселелеріне қатысты кеңес алуына болады.

Стационарды алмастыратын көмек кімдерге тегін беріледі?

Дұрыс! Қате!

Стационарды алмастыратын көмек әлеуметтік маңызы бар аурулар мен динамикалық бақылауға алынатын созылмалы ауруларға шалдыққандарға беріледі. Тәулік бойғы стационарда емдеуді қажет етпейтін сырқаттар да диагноз қойғанға дейін стационарда диагностикалық тексеруден тегін өте алады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакеті шеңберінде берілетін стационарлық көмекті шұғыл жағдайларда барлық азамат пайдалана алады. Жоспарлы стационарлық көмек созылмалы аурулардың динамикалық бақылауға жататын негізгі түрлеріне шалдыққан пациенттерге беріледі. Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жұқпалы аурулармен және қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттармен ауыратын пациенттер де стационарда емделе алады.

Паллиатив көмек қандай науқастарға беріледі?

Дұрыс! Қате!

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық оңалтуды туберкулезбен ауырған пациенттер пайдалана алады. Паллиатив көмек туберкулезбен, онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге, терминалдық стадиядағы сырқаттарға, өзгенің көмегінсіз тамақтанып, жүріп-тұра алмайтын науқастарға беріледі. Сақтандырылған азаматтар медициналық оңалтудан мамандандырылған орталықтарда немесе оңалту бөлімшелерінде өте алады. Ал балалар мен мүгедектерді оңалту амбулатория жағдайында жүргізіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енбеген сырқатпен ауыратын азаматтар тегін дәрі-дәрмекті қалай алады?

Дұрыс! Қате!

Тегін көмек тізіміне енбеген сырқаттарға шалдыққандар амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Ол МӘМС есебінен жүзеге асырылады. Оған мыналар кіреді: - өткір ауруларға шалдыққан ересек азаматтар (7 түрлі сырқат бойынша); - дәрі-дәрмекті пайдалана отырып, стационарлық емді амбулаторлық емге алмастыру; - емхана деңгейінде динамикалық бақылауға алынатын ауруларды емдеу (12 түрлі сырқат бойынша); - консультативтік-диагностикалық көмек нысаны деңгейінде динамикалық бақылауға алынатын ауруларды емдеу (21 түрлі сырқат бойынша); - амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына көшу.

Тест: Тегін медициналық көмек жайлы қаншалықты білесіз?
Қап, әттеген! Дегенмен талабыңызға нұр жаусын! Медициналық көмек түрлері жайлы білу әр қазақстандық үшін маңызды!

қап, әттеген

Керемет! Денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформа азаматтарға тиімді, сондықтан ол туралы көп білген дұрыс. Енді жақындарыңызға айта жүріңіз.

Жарайсың!

Әлеуметтік желіде бөлісу: