Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес мүшелерімен пікірлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президенттің «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен кездесуі барысында азаматтық қоғамның перспективалары мен құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуова Мемлекет басшысына «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту туралы ой-пікірін айтты. Оның айтуынша, тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік зерттеулердің ролі зор.

Сонымен қатар кездесуде Қоғамдық кеңес институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Алматы жоғары басқару мектебінің және «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров Президентке әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту мәселелерін айтты.