Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда екі күн болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға екі күндік жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та хабарлады.

Президент бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, балалар үйінің тәбиеленушілеріне пәтер кілтін табыс етіп, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады. Сонымен қатар Tech Garden инновация кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады, — деп хабарлады Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне де барып, онда оқу корпусы мен студенттерге қызмет көрсететін «Керемет» орталығында болады. Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізеді.