«Отбасы академиясы» отбасын кешенді қолдау орталығы» қоғамдық қоры командасы ÓNEGE жобасы аясында кәсіби психологтар мен басқа да мамандардан тұрмыстағы зорлық-зомбылықты болдырмау туралы кеңес жинастырды.
Олар «Агрессорлармен қалай қарым-қатынас жасау керек», «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарымен қалай сөйлесуге болады», «Отбасындағы зорлық-зомбылықты қалай білуге болады», «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына қалай көмек беруге болады?» деген тақырыптарда буклеттер мен постерлер шығарды. Сонымен бірге осы мәселелерге арналған 40 бет әдістеме нұсқаулық пен вебинарға арналған видеосабақтар әзірледі. Жақын арада бұл брошюралар осы жоба іске асырылып жатқан 9 өңірде адамдар көп жиналатын жерлерде таратылады.
Жоба аясында Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкентте ресурстық қолдаудың әлеуметтік қызметтері ашылды. 9 өңірдің әрқайсысында жобаны үйлестіруші, кейс-менеджер, психолог және әлеуметтік қызметкер сияқты 4 маманнан тұратын штат құрылды.
Жоба өкілдерінің хабарлауынша, бұл мамандар кейс-менеджмент технологиясы элементтерін пайдалана отырып, отбасын құрмаған жастарға, жас отбасыларға тиісті кеңес пен көмек береді. Отбасы мәселелері бойынша әлеуметтік көмек беретін мамандардың байланыс мәліметтерін өңірлердегі мына үкіметтік емес ұйымдарға хабарласып алуға болады:
Айта кетейік, жоба өкілдерінің мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400-ге жуық әйел қаза болады, олардың дені — әйелдер мен балалар, зорлық-зомбылық әрбір алтыншы отбасында болады. Зорлық-зомбылық оны бастан кешкендерге ғана емес, оған куә болғандарға да депрессия, алаңдаушылық пен көңіл-күйдің ауытқуы сияқты психологиялық белгілер түрінде теріс әсер етеді.