Күніне 2 литр су ішу керек: аңыз ба, әлде ақиқат па?

Тұжырым:

«Адамға күніне 2 литр, яғни 8 стақан су ішу керек»


Соңғы уақытта адамдардың барлығы минералды су ішуді әдетке айналдырған. Бұл олардың шынымен денсаулығына алаңдайтынының белгісі ме, әлде сән бе? Әйтеуір, спортпен айналысатындардан бастап, әр студенттің қолынан бір бөтелке су көреміз. Неге екенін студенттерден сұрағанымызда, «Ағзамыздағы сұйықтық балансын сақтап тұру үшін ішу керекпіз»-, деп жауап берді. Бұл тұжырымды Лос-Анджелестегі Калифорния университеті де қолдайды. Олар студенттеріне «Өзіңмен бірге су алып жүр және сабақ барысында жиі ішу» туралы брошюра таратады екен.

Алайда, күніне 2 литр су ішу туралы норманы кімнің ойлап тапқанын тап басып айту қиын. Болжауымызша, бұл тұжырым АҚШ азық-түлік және тамақтану жөніндегі Ұлттық кеңесінің 1945 жылы  жасаған «Ересек адамның бір күнде қабылдайтын сұйықтық мөлшері 2,5 литр» деген мәліметі болса керек.

 

Анти-тұжырым:

«Адам ағзасының күнделікті 2 литр суға зәру болатыны туралы дәлел жоқ»


Әрине, судың пайдасы көп, шөлді басумен қатар, калориясы жоқ. Алайда адам ағзасының күнделікті 2 литр суға зәру болаты туралы дәлел жоқ. Тек БАҚ беттерінде жиі жарияланатын келесі аргументтер ғана бар: «адам денесінің 50-70%-ы судан тұрады». Аталған ғылыми мәліметпен келіспеуге болмайды. Адам қаны, бұлшық еттері мен миы, сүйектерінің бәрінде сұйықтық бар. «Оның мөлшерін сақтап отыру үшін күніне 2 литрден кем емес мөлшерде су ішу керек». Ал бұл тұжырым әлі нақтылауды қажет етеді.

Тіпті АҚШ азық-түлік және тамақтану жөніндегі Ұлттық кеңесінің мәліметінде адамға қажетті «2,5 литр сұйықтықтың ішіне су ғана емес, өзге де сусындар мен сорпалы тағамдар кіретіні» айтылған. Сондықтан, ағзадағы сұйықтық мөлшерін қалыпты жағдайда ұстап отыру үшін өзіңізді қинап, 8 стақан су ішудің қажеті жоқ, тек дұрыс тамақтансаңыз болды.

су ішу, су ішіп тұрған қыз

Суды көп ішу туралы кеңес арықтағысы келетіндерге жиі беріледі. Бірақ оның ағзаға қажетті азықты алмастыра алмайтыны айдан анық. Сондықтан оның да мөлшерін білу керек. Америкадағы клиналық тамақтану қоғамының зерттеуіне сүйенетін болсақ, таза суға қарағанда азық-түлік құрамындағы сұйықтық ас қорыту үдерісін жеңілдетеді. Оның үстіне «Суды көп ішу мен өмір сүру ұзықтығының арасында ешқандай байланыс жоқ», деп жазды Nephrol Dial Transplant журналы.

Суды тым көп ішіп қойып, уланған адамдар да бар. Алайда оларға экстази қабылдағанда пайда болатын шөл әсер еткен.

КРИСТОФЕР ВАН ТУЛЕККЕН, инфекционист: «Суды тым көп қолдану улануға әкелуі мүмкін, ондай жағдайларды болдырмау үшін суды азырақ қабылдағанымыз дұрыс. Қысқаша айтатын болсам, суды көп ішу — оны мүлдем ішпеу сияқты зиян».

ДереккөзLook At Me