ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын баяндады.
Әлемнің қаржы ұйымдарының мәліметі бойынша 2019 жылы мұнай бағасының консенсус-болжамы барреліне 65 доллар болады. 2020 жылы баға барреліне 63 долларға дейін төмендейді. Болжам мен бюджет параметрлерін қалыптастыру үшін базалық сценарий негізге алынды. Онда мұнай бағасы 55 доллар көлемінде қарастырылады. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2020 жылы 4,1% деңгейінде болжанып отыр. 2024 жылы ол 4,7%-ке жетеді. Орташа жылдық өсу қарқыны 5 жылда 4,4% болады» — деді министр.
Руслан Дәленовтің айтуынша, жалпы ішкі өнім жалпы жинақтың, ішкі тұтынудың және экспорттың ұлғаюы есебінен өспек. Инвестиция экономикалық өсуді қолдаудың маңызды факторы болады. Салаларға бөліп қарағанда негізгі өсім шикізаттық емес секторда — өңдеу өнеркәсібінде, қызмет көрсету сферасында және құрылыста байқалады. Бұл салалардың орташа өсімі 4,7% деңгейінде болады.
Мұнай өндіру көлемі 2020 жылғы 90 миллион тоннадан 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседі. Өндіріс Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, және теңіздегі кен орындарын пайдалануға беру артады, — деді ведомство басшысы.