Қазанның 23-інде ауқымды антициклон әсерінен еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болмайды, батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте ғана ауа райы құбылмалы болады, бұл өңірлердің кей жерінде жаңбыр мен қар жауады. Кей өңірде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, сәрсенбіде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, Қостанай, Ақмола облыстарында көктайғақ болады. Павлодар облысында да көктайғақ болып, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында тұман түседі.
Жамбыл облысында түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін, Түркістан облысының кей жерінде 1 градусқа дейін төмендеп, ызғар болады.