Нұр-Сұлтанда мүгедектігі бар азаматтарға бірреттік төлем беріледі

Нұр-Сұлтанның Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы астанада тұратын мүгедектігі бар азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға 2,5 АЕК немесе 6313 теңге аударады.

Басқарма Halyk Bank (есепшот және карта шоты), Jýsan Bank (есепшот және карта шоты), «Қазпошта» (есепшот және карта шоты), «Сбербанк» (есепшот және карта шоты), «АТФ Банк», «Альфа-Банк», ForteBank банктерімен қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Сондықтан бір реттік төлемді алушы тұлғалар осы банктерде шоттары болмаса, 20 сандық шот ашу үшін банкке барып, кейін оны Достық 13, «Нұрсая-2» ТК мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әкелуі тиіс.

55-68-22, 55-68-45, 87056450638, 87056450653, 87056450671, 87056450692 нөмірлері бойынша толық ақпаратты алуға болады.