Басты бетЖаңалықтарПрезидент Сингапурдың...

Президент Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хинмен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың аға министрі — Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы қазіргі жағдайды және саяси, сауда-экономика салалары бойынша перспектива жобаларын, сонымен бірге цифрландыруға қатысты бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасында достық қарым-қатынас орнады.  Қазақстан Президенті 2019 жылдың қазан айында Ереванда өткен Жоғары Еуразия экономика одағының саммитінде Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лунмен  келіссөз жасаған. Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобке өзінің сәлемін жеткізуді өтінді.

Ақорда
Фото: Akorda.kz

Сингапур Президентін бұрыннан танимын. Екеуміз де өз елдеріміздің Парламентінде спикер қызметін атқардық. Мен оның Мемлекет басшысы болғанына өте қуаныштымын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тео Чи Хин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сингапур Президенті мен Премьер-министрінің тілегін жеткізді. Сонымен бірге екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта беруге ниетті екенін атап айтты.