Шараны Алматының өкіл имамы Еркінбек қари Шоқай құттықтау сөзімен ашты.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес» деген өнегелі сөз бар. Дана халқымыз «Қарты бар үйдің – құты бар» деп аталы насихатын айтып кеткен. Сондықтан біз үлкеніне құрмет, кішісіне ізет көрсеткен салиқалы қоғам болуымыз керек», – деді Еркінбек қари Шоқай.
Концертте Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының өнерпаздары «Еңлік-Кебек» пьесасын заманауи үлгіде сахналап, «Әке мен ана» атты әдеби-музыкалық композиция қойды.
Мерекелік шарадан кейін қонақтар арнайы әзірленген дастарханнан дәм татып, баталы тілек айтты.