Шахрат Нұрышев Сыртқы министрінің бірінші орынбасары болды

Шахрат Нұрышев ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалсын, — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Шахрат Нұрышев 1972 жылы 20 маусымда Алматыда туған. 1995 жылы Пекин лингвистика университетінің қытай философиясы факультетін, 1996 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген.