Басты бетҚоғамҚазақстан аймақтарына...

Қазақстан аймақтарына 5G қашан қосылады?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

Жол картасы бекітілді. 5G мобайл байланысы Нұр-Сұлтан мен Алматыда тестілеуден өтті. Қазан айында Шымкентте сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Сынақ нәтижесінде бұл технология телемедицинаны, өнеркәсіпті, тау-кен өндірісін цифрландыру және «ақылды» қалаларды дамытуға мүмкіндік беретіні анықталды. 5G технологиясын енгізу үшін тартылатын инвестициялар көлемі үлкен болғандықтан бірінші кезеңде бұл технология республикалық маңызы бар қалаларда енгізілмек. Осылайша 2021 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтанда Назарбаев Университеті мен ЭКСПО-да, ал 2022 жылы аэропорт пен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G технологиясын енгізу жоспарланып отыр. Одан әрі 2023 жылдан бастап барлық облыс орталығында енгізіледі, — деді Асқар Жұмағалиев.

Министр 2022 жылдың соңына дейін халықтың 97%-і кеңжолақты интернет желісімен, ал қалған бөлігі спутник технологиясымен қамтылатынын айтты.

Ауылда интернет желісіне қолжетімділікті арттыру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша электрон денсаулық сақтау, электрон қызмет көрсету және басқа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға ықпал етеді, — деді Асқар Жұмағалиев.

ДереккөзBaq.kz