Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, антициклон жотасының орналасуына байланысты 26 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде 1-3 градус үсік болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан облысында өте жоғары өрт қаупі бар.