«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша республиканың кей жерінде жаңбыр, жылбысқы қар жауады, найзағай ойнап, тұман түседі, солтүстікте бұршақ жауады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел екпіні 30 м/с-тен асады, бұршақ жауады.
Қостанай облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысында 15 м/с жел соғып, тұман түседі.
Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Атырау облысында түнде 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі.
Алматы облысында найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус үсік болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.