Үсік, бұршақ, тұман. 23 қыркүйектегі ауа райына болжам

Қазақстанның басым бөлігінде фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерде найзағай соғып, жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Түнде солтүстік-батысты тұман басуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерде 23-28 метр, екпіні секундына 30 метрге жетеді. Кей аймақта найзағай соғуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады.

Қостанай, Ақмола облыстарында  түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз басым бөлігінде секундына 15-20 метрге, кей жерде 23-28 метрге, екпіні секундына 30 метрге жетуі мүмкін. Қостанай облысының бірқатар аймағын тұман басып, бұршақ жауады.

Атырау облысының кей жерінде найзағай соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге, күндіз 15-20 метрге, кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге, күндіз 15-20 метрге, кей жерде 23-28 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай соғуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей аймағында шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерінде 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде найзағай соғуы мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей өңірінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей аймағында бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Алматы облысының бірқатар аймағында таңертең және күндіз найзағай соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде түнде 1-3 градус үсік болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өрт қауіпі сақталады.