DOQ.kz

DOQ.kz — Нұр-Сұлтан мен Алматының кез келген емханасы мен дәрігерді таңдауға көмектесетін портал. Қазір порталда Нұр-Сұлтан бойынша 75 жекеменшік емхана, 511 дәрігер, 247 қызмет көрсету тіркелсе, Алматыда 82 жекеменшік емхана, 612 дәрігер және 258 қызмет көрсету түрі бар. Порталда дәрігердің жұмыс істеу өтілі, қабылдаудың бағасы, емхананың орналасқан жері көрсетілген. Егер қолданушы қай дәрігерге жазылуды білмесе, call-орталыққа хабарласып, тегін кеңес ала алады. Қабылдаудан соң пікір білдіру мүмкіндігі де қарастырылған.

Қолданушы өзіне ыңғайлы уақытта және бағасына қарай дәрігерге онлайн тіркеледі. Дәрігерді үйге шақыру қызметі де іске қосылған. DOQ.kz порталының мобайл қосымшасы да бар.

Dog.kz сайты
Dog.kz сайтының скриншоты

iDoctor.kz

Қолданушы Қазақстанның кез келген емханасындағы дәрігер қабылдауына жазыла алады. Call-орталық маманы қабылдауға жазылу үшін қызмет көрсетудің бағасы, орналасқан жері мен дәрігердің еңбек өтілі туралы тегін кеңес береді. Порталдан диагностика мен анализ тапсыру орнын білуге болады. Қабылдаудан соң науқастың пікір білдіру мүмкіндігі де қарастырылған. Онлайн дәріхана арқылы үйден шықпай-ақ дәрі алу мүмкіндігі бар. iDoctor.kz порталында медициналық қызметтегі жеңілдіктер туралы хабарлайтын функция да іске қосылған.

iDoctor.kz сайты
iDoctor.kz сайтының скриншоты

Damumed.kz

Damumed.kz — «Даму» ақпараттық технология орталығының жобасы. Портал медицина орталықтарына дәрігердің қабылдауына жазылу үшін қызмет көрсетеді. Дәрігер қабылдауына жазылу үшін порталға тіркелудің немесе мобайл қосымшаны жаңартудың қажеті жоқ. Қарт адамдар call-орталыққа хабарласып, маманнан кеңес ала алады. Дәрігер қабылдауына жазылған қолданушыға 3 күн, 1 күн және 3 сағат бұрын уақыты ескертіледі. Қолданушы анализ көрсеткіштерін порталдан біле алады.

Damumed.kz сайты
Damumed.kz сайтының скриншоты

Егер науқас емханаға бара алмаса, қабылдаудан бас тартуына болады. Белсенді қолданушы мобайл қосымшада денсаулық күнделігін жүргізеді. Бұл дәрігер үшін науқастың жағдайын бақылауда ұстау үшін ыңғайлы. Сонымен қатар 5 жасқа дейінгі баласы бар ата-анаға, жүкті және тіркеуде бар қолданушы дәрігерді үйіне шақыра алады. Damumed.kz порталын 2017 жылы Қарағанды облысы ғана қолданса, қазір еліміздің барлық облысы пайдаланады.