Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға қатысты түсінік берді

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Ол жақта біздің азаматшамыздың бар екенін білесіздер. Қазір ол үкімге шағым түсіру кезеңінде. Cотталғандарды ұстап беру туралы Қытаймен арада екіжақты келісім бар.  Қытай сотының соңғы үкімін күтеміз. Егер ақталса, өте жақсы болады. Ал сотталса, оның жүгінуге құқығы бар және біздің де оның жазасын әрі қарай Қазақстанда өтеу туралы өтініш жіберуге құқығымыз бар, — деді Марат Ахметжанов.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурыз айында Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. 2015 жылдың маусымында сот Қазақстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда 2016 жылдың мамыр айында үкімнің күші жойылып, іс жаңа сот талқылауына жіберілді.

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Президент кеңесшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл хат туралы білетінін және мәселені қарастыратынын мәлімдеді.

ДереккөзTengrinews.kz