1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні тойланады. Нұр-Сұлтан әкімдігі жыл сайын мерекеге орай жасы бойынша зейнетке шыққан астаналықтарға бірреттік ақшалай төлем береді. Биыл бұл сома 6313 теңге болды.
Төлмеді Нұр-Сұлтанның Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға береді.
Басқарма төмендегі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана бұл төлемді кедергісіз бере алады. Олар:
- «Альфа-Банк»;
- «АТФ Банк»;
- «Центркредит банкі»;
- «Еуразиялық банк»,
- Jýsan Bank (Цеснабанк);
- Halyk Bank;
- «Нұрбанк»;
- «Сбербанк»,
- ForteBank.
Төлемді «Қазпоштадан» да алуға болады. Зейнеткердің басқа банкте шотты болса, осы банктердің бірінен шот ашуы керек. Одан кейін Басқарма 20 таңбалы шот ашу туралы анықтаманы Достық көшесі, 13, Нұрсая 2 ТК мекенжайы бойынша әкелуді сұрайды.
Анықтама телефондары:
- Алматы ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22;
- Есіл ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34;
- Сарыарқа, Байқоңыр ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.