Air Astana әуекомпаниясының AB-Initio бағдарламасымен Финляндияда қазір алты кадет білім алып жатыр. Олар оқуды 2019 жылдың ақпанында бастады. Patria  ұшқыштар мектебінде оқу 18 айға созылады. Бағдарламамен білім алып жатқан студенттердің барлық шығынын компания өтейді. Оқуды бітірген мамандар Air Astana компаниясында жұмыс істейді.

Patria ұшқыштар мектебі
Фото автордан

Patria ұшқыштар мектебінде оқып жатқан Асылмұрат Рамазанның айтуынша, Финляндияның оқу жүйесі студентке еркіндік беруімен ерекшеленеді.

Мұнда оқытушылар барлық жауапкершілікті өзімізге жүктейді. Мысалы, бүгін ауа райы құбылып тұрса, ұшу-ұшпау өз еркімізде. Ұшқан кезде де кез келген шешімді өзіміз қабылдаймыз. Әрқайсымызда жеке планшет бар. Бізге керек нәрсені өзіміз оқимыз. Қалғанын лекцияда, симуляторда үйренеміз, — дейді Асылмұрат.

Бүгін журналистер мен блогерлер Patria ұшқыштар мектебін аралап, қазақстандық студенттермен танысты. Олар қалай білім алып жатыр, нені үйренді? Бұл туралы алдағы күндері жазамыз.