Air Astana жаңа Атырау-Франкфурт рейсін ашады

2018 жылдың 26 наурызынан бастап ұлттық тасымалдаушы Атырау мен Франкфурт арасында дүйсенбі және жұма күндері Airbus A321-де екі класты  ұшағымен (бизнес-класта 28 орын, эконом-класта - 151) ұшуларды бастайды.

Эйр Астана
©Көрнекі фото

Атыраудан Франкфуртқа ұшу уақыты 5 сағатты құрайды. Ұшу Lufthansa-мен кодшеринг туралы келісімі аясында жасалады.

Ричард Леджер, «Эйр Астана» әуекомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті: «Біз аймақтағы корпоративтік клиенттеріміздің саяхатын  ыңғайлы ететін жаңа бағыттың ашылуы туралы қуана хабарлаймыз. Көмірсутек секторы үшін Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан Атырау қаласы ерекше маңызды. Сондай-ақ, Lufthansa компаниясымен бірлескен ұшу туралы келісімшарттың кеңеюіне қуаныштымыз, ол жолаушыларға Lufthansa жаһандық ұшу желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», – дейді.

Өткен жылдың наурыз айында Астана мен Франкфурт арасындағы кодшеринг келісіміне қол қойылған сәттен бастап, «Эйр Астана» Франкфурттегі  1-терминалына рейстерін ауыстырды, бұл екі әуекомпания арасындағы рейс арасындағы түйісу уақытын қысқартты.

Атырау-Франкфурт рейсі – Франкфурт және Қазақстанды байланыстыратын үшінші бағыт, Астанадан күнделікті рейсімен және Оралдан апта сайын рейсімен қоса. Сондай-ақ, жолаушыларға аптасына Алматы мен Франкфурт арасында кодшеринг келісімі аясында Lufthansa-мен орындалатын  жеті рейс қол жетімді.