Екі күн болған нетуоркингке 18-29 жас аралығындағы 200-ден астам белсенді жас қатысты. Олар арнайы шақырылған спикерлермен пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.
«Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Нұрлан Өтешов «Жастар саясатының маңызды трендтері» атты тренгинг өткізді.
Спикер жастар саясатындағы жаңа ұғымдар мен өзекті мәселелерге назар аударып, жаһандағы өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталды.
Нетуоркинг осыған дейін еліміздің үш аймағында: Нұр-Сұлтанда, Оралда, Алматыда ұйымдастырылды. Бұл қалалардың барлығында болып, жастар арасында маңызды тақырыптарды талқылап, кеңірек пікір алмастық. Шымкенттегі жиынға өте белсенді жастардың жиылғаны көрініп тұр. Қатысушылар маңызды ақпаратқа сусындап, сол алған білімдері мен тәжірибелерін болашақта үлкен жобаларды жүзеге асыру жолында қолданады деп сенемін, — деді Нұрлан Өтешов.
Bolashaq қауымдастығы бұл жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырды.
«Жастар ұйымдарының нетуоркингі және тәжірибе алмасуы» жобасы алдағы уақытта Павлодар өңірінде жалғасады. Жоба соңында үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ресурстық орталықтарының ең үздік қазақстандық тәжірибесі негізінде арнайы жинақ жарық көреді.