Экранның скриншоты

Windows: Print Screen  батырмасы (PrtSc) пернетақтада экранның скриншотын жасауға қолданылады. Ол үшін Alt + Print Screen батырмаларын қатар басу керек.

Mac: Command + Shift + 3 батырмасын басу қажет.

Әрекетті қайтару

Windows: пернетақтадағы Ctrl + Z батырмалары арқылы әрекетті қайтаруға болады.

Mac қолданушысына: Command + Z.

Жаңа папка ашу

Windows: тінтуірдің оң батырмасын басып, одан кейін «ашу» әрекеті арқылы жаңа папка ашылады. Бұл  — кең тараған әрекет. Ал ең тиімді әдіс — Ctrl + Shift + Т батырмаларын бір уақытта қолданса, жаңа папка пайда болады.

Mac: Command + Shift + N. Finder-де жаңа папка ашылады.

Терезелерді бүктеу

Windows: бір сәтте бірнеше терезені бүктеу үшін Windows батырмасы мен + Ь қолдану жұмысыңызды жеңілдетеді.

Mac: Option + Command + M.

Экранды бұғаттау

Windows: жұмыс істегенде Windows терезесін бұғаттау қажет болса, Windows батырмасы + Д қолдану керек. Кейін бұғатталған экранды ашу үшін құпия сөз жазып, жұмысыңызды жалғастыруға болады.

Mac: Ctrl + Shift + Power.

Инкогнито режимінде Chrome браузерін ашу

Windows: Ctrl + Т мен Ctrl + Е батырмалары жаңа терезе ашуға және Google Chrome браузерінде жаңа беттер қосуға қолданылады. Егер Chrome инкогнито режимінде болса, Ctrl + Shift + N батырмаларын бір сәтте қолдансаңыз, уақытыңызды үнемдейді.

Mac: Command + Shift + N

Жабылып қалған терезені қайта ашу

Windows: егер сіз Chrome брауздеріндегі жұмыс істеп отырған терезені жауып алсаңыз, оны Ctrl + Shift + Е батырмаларын қолданып, қайта аша аласыз. Chrome браузерінің бұрын ашқан 10 терезені сақтайтын функциясы бар.

Mac: Command + Shift + T.