Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында ақын-жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 және ауданның 90 жылдығы тойланады. Осыған орай 14 қыркүйек күні сағат 12.00-де Атасу кентінің «Қарауыл төбе» той алаңында Жаңаарқаның 10 000 литр қымызы бір мезетте 1000 күбіге құйылып, пісіледі. Сол арқылы Жаңаарқа қымызын Қазақстан рекордтар кітабына және Гиннестің рекордтар кітабына енгізу көзделген.
Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шараға 12 ауыл, екі кенттің қымыз өндірушілері қатысады. Қазақтың ұлттық киімін киген азаматтар «Жаңаарқа вальсі» әнін орындап, бір мезетте 1000 күбіге 10 000 литр қымызды қымыз құйып піседі.
Жаңаарқа қымызын Гиннестің рекордтар кітабына енгізу аясында бауырсақ және палау фестивальдері ұймдастырылып, жиналған қымыз тегін таратылады. Шығармашылық ұжымдар да үлкен концерт бағдарламасын ұсынады.