Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Компания жоғары жылдамдықты лифтілерге арналған арқандар, көпір кермесі мен инженерлік қорғаныс өнімдерін шығарумен айналысады, — делінген хабарламада.
Шара барысында Алтай Көлгінов жапон өнімінің стандарты жоғары бағаланатынын атап өтті. Тараптар бірге жұмыс бастауға ниетті. Кездесуде ортақ жобаға қатысты мәселе талқыланып, жұмыс жоспарланды.