Дариға Назарбаева Парламент Сенатының төрағасы болып сайланды.
Tengrinews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, сенаторлар төрағаны құпия дауыс беру арқылы таңдады. Нәтижесінде Дариға Назарбаева ең көп дауыс жинады.
2019 жылдың 12 тамызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваны қайта Сенат депутаты етіп тағайындаған еді. Мұның алдында ол Парламент Сенатының төрағасы қызметінде болды. Дариға Назарбаева бұл қызметке 2019 жылдың 20 наурызында сайланды.
Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы. Саяси ғылымдар докторы.
Дариға Назарбаева еңбек жолында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, кейін Парламент Сенатының депутаты болып жұмыс істеп көрді.