Enbek.kz

Жұмыс іздеуші бұл порталда түйіндеме толтырып, қажет болса, кәсіптік бағдарлау тестінен өтіп, бос жұмыс орнын таба алады. Түйіндемені жұмыс берушіге жіберіп, порталда жаңа жұмыс шығып жатса, поштаға хабарлайтындай етуге де болады. Ол үшін электрон поштаны немесе Telegram мессенджерінің нөмірін тіркеп қойса, жеткілікті.

Ал жұмыс беруші порталға бос жұмыс орнын тіркеп, қажет маманның түйіндемесін іздей алады. Ол келген түйіндемеге жауап беріп, портал арқылы үміткерді жұмысқа орналастырып, еңбек шарттарын тіркеу мүмкіндігіне ие.

Enbek.kz порталы
Инфографика ашық дереккөзден

Enbek.kz порталынан кез келген жұмыс таба аласыз. Онда мемлекеттік қызметтерде, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн жұмысқа орналастыру алаңдарында жарияланған бос жұмыс орындары туралы мәлімет болады.

HeadHunter

HeadHunter — ресейлік компания. Портал Ресей, Беларусь, Қазақстан және Укаринада іске қосылған. Интернет-рекрутмент нарығында 19 жылдан бері жұмыс істеп келеді. SimilarWeb дерегі бойынша, HeadHunter жұмыс пен қызметкер іздеу порталдары арасында әлемде екінші орынды алады.

HeadHunter
Порталдың скриншоты

Қазіргі уақытта порталда 24 мыңнан астам бос жұмыс орны, 2 миллионнан астам түйіндеме бар. Оған 59 мыңнан астам компания тіркелген.

Check Point Group

Компания Қазақстанда бірінші рет батыс басқару жүйесімен жұмыс істеп, халықаралық және жергілікті компанияларға кәсіби мамандарды іріктеуге көмектеседі.

Check Point Group
Порталдың скриншоты

Check Point Group-та адам ресурсын басқару туралы кеңес беру, еңбекақы есебін шығару және ашық ұжымдық тренингтер өткізу қызметі бар.

Zarplata.kz

Zarplata.kz — жұмыс пен қызметкер іздеуге арналған портал. 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Порталда жұмыс орындары сала бойынша айдарға бөлінген.

Zarplata.kz
Порталдың скриншоты

Тәжірибесі жоқ азаматтар мен студент үшін де арнайы айдар ашылған.

Қазақстандағы жұмыс — 24rabota.kz

24rabota.kz — Қазақстандағы жұмыс пен қызметкер іздеуге арналған порталдардың бірі.

24rabota.kz
Порталдың скриншоты

Мұнда жұмыс орны туралы мәлімет, жұмыс беруші мен қанша тіркелген түйіндеме күн сайын жаңарып, басты бетінде көрсетіледі.

Joblab.kz

Joblab.kz
Порталдың скриншоты

Бұл портал да Қазақстанда жұмыссыздықты азайту мақсатында ашылған. Онда да қала, аудан және мамандық бойынша қажет жұмыс пен қызметкерді табуға мүмкіндік береді. Ол үшін порталға тіркеліп, түйіндеме енгізу керек.

Kzwork.com

Kzwork.com
Порталдың скриншоты

Kzwork.com — Қазақстандағы жұмыс пен қызметкер іздеуге арналған порталдардың бірі. Мұнда да түйіндеме немесе вакансияны тіркеп, қажет маманды немесе қызметті табуға болады.