Әлемнің әуе компаниялары Азия-Тынық мұхит аймағында ең көп жолаушы тасымалдаған: 1,6 миллиард жолаушы, бұл — жалпы әуе тасымалы нарығының 31,7%-і. Еуропаның үлесі — 26,2% немесе 1,1 миллиард жолаушы. Солтүстік Америка нарықтың 22,6%-ін алып отыр, бұл — 989,4 миллион жолаушы.

Халықаралық қауымдастықтың мәліметінше, әлем бойынша ең көп саяхаттайтын тұрғындары бар елдердің үздік бестігіне Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Германия және Франция кіреді.

2018 жылы Ұлыбританияның 126,2 миллион азаматы өзге елге саяхат жасаған, бұл — әуе көлігімен сапар шеккен барлық жолаушының 8,6%-і. Былтыр АҚШ-тың 111,5 миллион азаматы (жолаушылардың 7,6%-і), Қытайдың 97 миллион азаматы (6,6%), Германияның 94,3 миллион азаматы (6,4%) және Францияның 59,8 миллион азаматы (4,1%) шет мемлекеттерге барған.

IATA тұрақты рейстердегі жолаушылар саны бойынша топ-5 әуе компаниясын анықтады. Олар:

  1. American Airlines (330,6 миллиард);
  2. Delta Air Lines (330 миллиард);
  3. United Airlines (329,6 миллиард);
  4. Emirates (302,3 миллиард);
  5. Southwest Airlines (214,6 миллиард).

Finprom.kz ресурсының мәліметінше, 2018 жылы шетелге Қазақстанның 10,6 миллион азаматы саяхаттаған. Ал 2019 жылдың алғашқы үш айында елімізден 2,3 миллион адам шетелге сапар шегіпті. Бұл кезеңде бізге сырттан 1,6 миллион турист келген, сонымен бірге Қазақстанның 1,2 миллион азаматы ел аумағында саяхат жасаған.

Айта кету керек, жуырда «Ұлытау — 2019» туризмнің халықаралық форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылдары еліміздің шетел туристерін тартатын орынға және әлем бойынша ірі этнотуризм орталығына айналатынын мәлімдеді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!