Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда Құрылысшылар күні аталып өтті

Фото Бақытжан Сағынтаевтің Instagram-парақшасынан

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы хабарлады. Үкімет басшысы «Урбанистика орталығы» мен №405 авиажөндеу зауытында болып, Алматы құрылысының жаңа жобасымен танысты. Содан кейін Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шараға қатысты.

Құрылысшылар күні
Фото Бақытжан Сағынтаевтың Instagram-парақшасынан

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қазақстандықтарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету инженерлік, өндірістік және көлік инфрақұрылымын салу жөніндегі мемлекеттік міндеттерді ойдағыдай шешу құрылысшылардың білігі мен шеберлігіне байланысты, — деді Премьер-министр құттықтау сөзінде.

Құрылысшылар күні
Фото Бақытжан Сағынтаевтің Instagram-парақшасынан

Құрылыс кешенінің үздік өкілдері жемісті жұмысы мен ҚР құрылыс саласына қосқан үлесі үшін «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сәулетші» төсбелгілерімен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрмет грамотасымен, Алматы әкімінің алғыс хатымен, Құрылыс жұмысшылары орталық комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *