Ақпарат құралдары нарығы қалай өзгеріп жатыр?

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжат еліміздегі баспасөздің, телевизия мен радионың, интернет пен әлеуметтік желілердің даму қорытындылары және 2019 жылғы негізгі трендтер қандай екенін көрсетеді.

Ақпарат әлеуметтік зерттеулерге, TNS Central Asia компаниясының ақпаратына
және министрліктің жеке мәліметтеріне негізделген.

Талдаудың қорытындысы бойынша медиа саласында 2019 жылдың шешуші трендтері мынадай болды:

Баспасөз аудитория тарапынан сұраныстың құлдырауына байланысты қызметін қайта ойластыруға: цифр форматына көшіп, басылым тиражын азайтуға, редакция саясатын интернет-аудитория талғамына қарай өзгертуге мәжбүр болып отыр.

Телевизия жарнама берушілер мен аудитория тарапынан медиада ең сұранысқа ие әрі танымал сала болып тұр. Бірақ интернеттің дамуымен бірге ақпараттың негізгі көзі болудан қалып барады.

Интернет аудиториясын көбейтіп жатыр, ақпарат пен ойын-сауық контентінің негізгі көзіне айналып, телевизияға бәсекелес болды. Аудитория әлеуметтік желілерден сұранысы жоғары коммуникатор болып отырған мессенджерлерге көшіп жатыр.

Радио аудиториясын және ақпарат пен ойын-сауықтың негізгі көзі ретіндегі позициясын сақтайды.

Тұтас алғанда, жаңа медиа дами түсіп, ықпалын арттыра бастаған уақытта дәстүрлі БАҚ-қа қызмет ету тұжырымдамасын интернет-нұсқаларын сапалы дамытуға және контентті әлеуметтік желілер алгоритмі арқылы насихаттауға көңіл бөле отырып қайта форматтау қажет, — делінген министрліктің есебінде.

Есептің толық мәтіні