ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында 4 адамға Парламент Мәжілісі депутаты мандатын беру туралы шешім қабылданды.
Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен саяси кеңес бюросының отырысында Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаты мандатын беру туралы шешім қабылданды, — деп хабарлады партияның Тwitter-дегі ресми аккаунты.
Гүлшара Әбдіқалықова қазір — ҚР Премьер-министрінің орынбасары. Нұрлан Әлімжанов — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Нұржан Әшімбетов — Екібастұз әкімі. Жұлдыз Омарбекова — Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.