Жұлдыз Омарбекова Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Жұлдыз Омарбекова Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары болып тағайындалды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әлеуметтану пәнінің оқытушысы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген. 2013-2014 жылдары Алматы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы, 2014-2015 жылдары Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016-2018 жылдары Nur Otan партиясының Алматы бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары болды. 2018 жылғы қыркүйекте ҚР Қоғамдық даму вице-министрі лауазымын иеленді.