Нұржан Әшімбетов Екібастұз әкімі болып тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімімен Нұржан Әшімбетов Екібастұз әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін екі жыл Павлодар әкімі қызметінде болған. Жаңа басшыны Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды.

Нұржан Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда Павлодар облысы Аққулы ауданы Черное ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы мал дәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухесеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы ҚР Президенті Әкімшілігіне мемлекеттік инспектор болып тағайындалды.

2009-2012 жылдары Петропавл әкімі болып қызмет етті.

2016 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар әкімі қызметінде болды.

Нұржан Әшімбетов «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (1999) марапатталған.

ДереккөзTengrinews.kz