Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубайды қабылдады.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды.
Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді, — деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президент жазушыға қазақ мәдениетінің өркендеуі ұдайы назарда болатынын және сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңызды екенін айтты.