Айырбас орындарында доллар құны 390 теңгеге жетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллардың құны 387,44 теңге болып тұр. Ұлттық банкте 1 доллар — 386,94 теңге.

Қазақстанда биыл шілденің аяғынан бастап теңге күрт құнсызданып, доллар бағамы өсіп келеді. Ұлттық банк теңге құнының төмендеуіне қатысты ресми мәлімдеме жасай қойған жоқ.

10 жыл бұрын Қазақстанда 1 доллардың құны 150 теңге шамасында болған. 2014 жылғы девальвациядан кейін доллар 185 теңгеге өсті. Қазақстан 2015 жылы теңгені еркін айналымға жіберіп, валюта бағамын реттеп отырудан бас тартты. Осыдан соң доллар бағамы 350 теңгеге дейін жетті. Қазақстан теңгені еркін айналымға жібергенімен Ұлттық банк бірнеше рет интервенция жасап, валюта бағамын ұстап тұруға миллиондаған доллар қаражат жұмсады.

Билік өкілдері теңгенің құнсыздануын сыртқы факторлармен, оның ішінде дамушы елдер валюталарының құнсыздануымен және АҚШ-тың Ресейге жаңа санкциялар салуымен байланыстырады.

ДереккөзAzattyk.org