Басты бетЖаңалықтарСәрсенбіде қай...

Сәрсенбіде қай өңірлерде қатты ыстық болады?

Жоғары атмосфера қысымы мен оңтүстік құрғақ циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда 7 тамызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Жамбыл облыстарында да 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Алматы (42 градус), Жамбыл (41 градус), Түркістан (43 градус), Қызылорда (41 градус), Қарағанды, Шығыс Қазақстан (33 градус) облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.