Басты бет Жаңалықтар Батыс пен шығыстан басқа өңірлерде жауын-шашын болмайды

Батыс пен шығыстан басқа өңірлерде жауын-шашын болмайды

6 тамызда Қазақстанның батысы мен шығысында ауа райы тағы да құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, тұман түседі, өңірлердің кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың қалған аумағында жауын-шашын болмайды. 

Жаңбыр. Фото: Goodfon.ru

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында да 15-20 м/с жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды. Павлодар облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында найзағай ойнайды. Ақтөбе облысында жел екпіні секундына 16 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл (41 градус), Қызылорда (42 градус), Қарағанды, Ақмола (36 градус), Түркістан (41-43 градус) облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өрт қаупі күшейеді.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 6-8 тамыз күндері республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы тағы да жауын-шашынсыз болып, 35-42 градусқа дейін қатты ыстық болатынын хабарлаған еді. Мамандардың болжамына қарағанда 7 тамыздан бастап еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы күндіз 20-25 градус жылыға дейін, кей жерде 30 градус жылыға дейін біртіндеп төмендейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version