Басты бет Жаңалықтар Шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Шілденің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын болжап отыр.

Фото: Goodfon.ru

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктері 30 шілде мен 1 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Алдағы күндері атмосфера фронттарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерде жаңбыр жауады, батыс пен солтүстік-батыстың кей жерінде нөсер жауады, күндізгі ауа температурасы 17-25 градусқа дейін төмендейді, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың болжамы бойынша республиканың оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады, температура 35-40 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның жекелеген аймақтарында найзағай ойнап, дауылды жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version