Басты бет Жаңалықтар Еліміздің 8 өңірінде бұршақ жауады

Еліміздің 8 өңірінде бұршақ жауады

4 маусымда еліміздің көп бөлігінде ауа райы тағы да құбылмалы болады. Өңірлерде найзағай ойнап, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жауады, солтүстік пен шығыста тұман түседі. Республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында күн ашық болады. 

Фото: Pixabay.com

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысында нөсер жауады, Ақмола облысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түседі, дауыл тұрады, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды. Қостанай облысында дауыл тұрады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысында дауыл тұрады, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында тұман түседі.

Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version