Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алдағы тәуліктерде ауа температурасы төмендей ме?

Фото: Alekseysotnikov.livejournal.com

Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы мен 35-42 градусқа дейін қатты ыстық жалғасады. Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуына байланысты 6 тамызда республиканың батыс пен солтүстік-батыстан басқа көп өңірінде қатты ыстық болады, содан кейін Мурманск ауданынан шығатын салқын ауа массаларының ағынымен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы күндіз 20-25 градус жылыға дейін, кей жерде 30 градус жылыға дейін біртіндеп төмендейді, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version