Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тоқаев Өзбекстанның Түркістанға салып берген мешітіне барды

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылған.

Мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша Қазақстан азаматына тартуы ретінде салынған, — делінген хабарламада.

Мешіттің іші дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сонымен қатар абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Exit mobile version