Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Аптапты басатын жаңбырлы күндер келе жатыр

Фото: Goodfon.ru

Алдағы үш тәулікте аптап аздап басылады. «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 25-27 шілде күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Алдағы күндері атмосфераның фронтал бөліктерінің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс, солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде нөсер жауады, кей жерлерде күн күркіреп, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың мәліметінше, республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашын болмайды, бірақ аптап біртіндеп бәсеңдейді, ауаның ең жоғары температурасы 33-40 градус шамасында болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version