Жәрмеңке аясында өңірдің 40-тан аса кәсіпкері қызылордалық тұрғындарға 227 жұмыс орнын ұсынды. Облыстық жұмысен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Кәшкенованың айтуынша, бұл шара екі күнге созылған.
— Ұсынылған жұмыстың басым бөлігі ауылшаруашылығымен байланысты. Бұдан басқа, мемлекеттік мекемелерге ұстаздар, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер керек. Жалпы жәрмеңкеге 300-ге жуық адам қатысты. Павлодар облысына жұмысқа тұрғысы келетін қызылордалықтардан толық ақпарат алынды. Алдағы уақытта олармен байланыс орнатылатын болады. Десе де, облыста еліміздің басқа аймақтарынан көшіп келетін отбасыларды баспанамен қамту мәселесі шешілмей тұр. Сондықтан олар біздің өңірге көптеп келе қоймас, — деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданында өткізген бос орын жәрмеңкесі нәтижесінде өңірге төрт отбасы көшіп келген.