Ауа райы: 5 тамызда батыс пен шығыста жаңбыр жауады

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, 23-28 м/с жел соғып, дауыл тұрады. Атырау облысында да найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, 23 м/с жел соғып, дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Павлодар облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Ақмола облысында найзағай ойнайды, тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында да күн тұманды болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өрт қаупі күшейеді.